3. Іс-қимылды қадағалау субъектілері өз қызметкерлеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларды болғызбауға бағытталған сыйақы беру саясатын əзірлейді.
15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уəкілетті агенттердің қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жауапкершілігі
Іс-қимылды қадағалау субъектілері уəкілетті агенттер арқылы қаржы өнімдерін ұсыну кезінде:
1) іс-қимылды қадағалау субъектінің ішкі құжатында белгіленген тəртіппен уəкілетті агенттердің тіркелімін жүргізуге;
2) уəкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсыну үшін қажетті кəсіби құзыретін қамтамасыз етуге;
3) уəкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының жəне іс-қимылды қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарау
Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімдеріне жəне (немесе) уəкілетті агенттердің қызметіне байланысты жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен қарауға жəне олар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 15-34-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Президентi | Н. Назарбаев
|